Білім беру қызметтерін көрсету туралы
ЖАРИЯ ОФЕРТА ШАРТЫ
Аталған Жария шарт Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 395-бабына (әрі қарай - ҚР АК) сәйкес, ЖК “Тұрсынбайқызы” атынан Директор Тұрсынбайқызы Диананың (әрі қарай - Орындаушы) кез келген заңды немесе әрекетке қабілетті жеке тұлғаға (әрі қарай - Тапсырыс беруші) төменде көрсетілген шарттар негізінде қызмет көрсетуге офертасы болып табылады. Офертаны қабылдау (акцепт) Тапсырыс берушінің төменде көрсетілген барлық шарттармен толық және сөзсіз келісетінін, осы Жария шартқа ерікті түрде қосылатынын және ҚР АК 396-бабының 1-бөліміне сәйкес, ешқандай өзгерту/немесе шектеулерсіз қабылдайтынын растайды.
1. Шарттың мәні
1.1. Аталған Жария шарттың мәні Орындаушының Тапсырыс берушіге ақылы негізде білім беру қызметтерін көрсетуі болып табылады. Білім беру қызметтері топтық және жеке талдаулар, дәрістер, тренингтер, семинарлар, практикалық курстар, мастер-майндтар (әрі қарай – Қызмет) түрінде офлайн және онлайн курстар, вебинарлар, онлайн марафондар арқылы көрсетіледі. Қызметтер форекс, крипто нарығы, қор нарығы және т.б. сауда мәселелері бойынша білім, білік және дағдыларды Тапсырыс берушіге үйретуге бағытталған.
2. Негізгі ережелер
2.1. Аталған офертаны Тапсырыс беруші тарапынан акцепттеу оның Орындаушыға байланыс деректерін беруі және Орындаушы көрсететін Қызметке кез келген тәсілмен төлем жүргізуі болып табылады. Аталған офертаны акцепттеу әрекеттерін орындау арқылы Тапсырыс беруші өзінің құқық және әрекет қабілеттілігін, сондай-ақ Орындаушымен шарттық қатынастарға түсуге заңды құқығы бар екенін растайды.
2.2. 2.6 Акцепт жасау арқылы Тапсырыс беруші Орындаушыға Тапсырыс берушінің жеке деректерін жинауға, өңдеуге және қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген жағдайларда, заңнамаға қайшы келмейтін тәсілдермен беруге сөзсіз келісімін береді.
2.2. Қызметтердің тақырыбы, атауы, көлемі, құны, көрсету тәртібі мен мерзімдері Тапсырыс беруші тарапынан төлем жасалмас бұрын шарттық қатынастармен келісіледі.
2.3. Орындаушы көрсететін барлық Қызметтер білім беру қызметтері болып табылады және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан арнайы рұқсаттар мен лицензиялардың болуын талап етпейді. Орындаушы Қызметтерді көрсеткеннен кейін материалды меңгеру сапасын бақылау және бағалау жүргізетіні туралы Тапсырыс берушіні ескертуі тиіс, ал кез келген сертификаттар, дипломдар немесе куәліктер Орындаушының қалауы бойынша ғана берілуі мүмкін.
2.4. Тапсырыс беруші Қызметтерге төлемді Орындаушының есеп айырысу шотына қолма-қол ақшасыз аудару арқылы немесе Орындаушымен алдын ала келісілген басқа тәсілдермен жүзеге асырады.
2.5. Қызметтер Орындаушы тарапынан 100% алдын ала төлем шартымен көрсетіледі. Жекелеген жағдайларда, Тараптар арасында қосымша жазбаша келісім бойынша Қызметтерді бөліп төлеу арқылы көрсету мүмкін.
3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
3.1. Орындаушы міндетті:
3.1.1. тиісті сапада, белгіленген мерзімдер және осы Жария шарттың талаптарына сәйкес қызмет көрсету;
3.1.2. Орындаушы Қызметті өзіне тәуелді емес мәселелерге байланысты жалпы орындай алмауы немесе белгіленген мерзімнен тыс орындауды туғызатын мән-жайлар жөнінде Тапсырыс берушіге алдын-ала ескертуі қажет;
3.1.3. Тапсырыс берушіден алынған мәліметтер
мен жеке ақпараттың құпиялылығын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қамтамасыз ету;
3.1.4. Орындаушының міндеттері осы Жария шарттың ережелерімен шектеледі. Атап айтқанда, Орындаушының міндеттеріне Тапсырыс берушіге Интернетке және байланыс құралдарына қол жеткізу, жабдықтар мен бағдарламалық құралдарды жөндеу және/немесе диагностикалау, сондай-ақ бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз ету құралдарымен жұмыс істеу дағдыларын үйретуді қамтымайды.
3.2. Орындаушының құқықтары:
3.2.1. Қызметтерді жеке өзі немесе үшінші тұлғалардың қатысуымен орындау;
3.2.2. Қызметтерді көрсетудің ерекшеліктерін, негізгі
қасиеттері мен көлемін, саны және (немесе) толықтығын, мерзімі мен әдістемесін, форматы және басқа да шарттарын анықтап, тағайындау.
3.2.3. Тапсырыс берушімен алдын ала келісусіз кез келген уақытта біржақты тәртіппен осы Жария шарттың талаптары мен мерзімдерін, қызметтердің уақыты мен құнын, Акцепт алғанға дейін өзгертуге құқылы. Бұндай жағдайда Орындаушы өзгертілген шарттарды енгізгенге дейін кемінде бір күн бұрын
өз сайтында жариялау қажет. Орындаушы енгізетін өзгерістер тараптардың төлем толық жүзеге асырылған құқықтық қатынастарына әсер етпейді.
3.2.4. Тапсырыс берушінің осы Жария шарттың кез келген шарттарын бұзуы, оның ішінде Қызметтерді көрсету басталғанға дейін төлемді толық көлемде жасамауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайларда Тапсырыс берушіге Қызмет көрсетуден бас тартуға құқылы;
3.2.5. Курс өту кезінде Тапсырыс беруші тәртіп ережелерін бұзған жағдайда жасалған төлемді қайтармай Қызмет көрсетуді тоқтатуға құқылы. Тәртіп бұзушылыққа жататын әрекеттер: ұлтаралық және басқа да қақтығыстарды арандату, өзге қатысушылар мен тренерді қорлау немесе балағаттау, оқыту тақырыбынан ауытқу, жарнама, әдепсіз сөздер және т.б. Сондай-ақ осы тізімге Тапсырыс берушіге оқу басталғанға дейін берілген әрбір курстың ережелері де кіреді.
3.3. Тапсырыс берушінің құқықтары:
3.3.1. Қызметтен бас тартқысы келген жағдайда Орындаушыны кемінде 5 күн бұрын алдын ала ескертіп, төленген ақшаны толық көлемде қайтарып алуға мүмкіндігі бар. Тапсырыс беруші қызметтерден көрсетілген мерзімде ескертусіз бас тартқан жағдайда Орындаушы Тапсырыс берушіден іс жүзінде келтірілген шығындарды ұстап қалуға құқылы.
3.3.2. Келесі жағдайларда Орындаушыға төленген ақшаны қайтарып алуына болады:
a) Көрсетілетін қызмет сапасына қанағаттанбау.
Осы мәселеге қатысты төлемді қайтару жөніндегі талап оқу басталғаннан кейінгі 3 күн мерзімінде, сондай-ақ Тапсырыс беруші бірнеше сабақтан тұратын курс алған жағдайда 2-ші сабақтан кешіктірмей қойыла алады.
b) Шартта көзделген форс-мажорлық жағдайларға тап болуы.
Дегенмен, Тапсырыс беруші бұл жағдайларда Қызметті толық алған болса, ақшаны қайтару туралы түпкілікті шешімді Орындаушы қабылдайтынына толықтай келіседі.
с) Білім алушыны оқытудың келесі ағымына ауыстыруға тек бір рет қана рұқсат етіледі, ол үшін курс негізін қалаушының жазбаша рұқсаты қажет. Ауыстыру қызметі үшін 50 000 теңге қосымша төлем алынады.
3.4. Тапсырыс берушінің міндеттері:
3.4.1. Орындаушының қызметтерін осы Шартта белгіленген ережелер мен тәртіпке сәйкес толық көлемде төлеу.
3.4.2. Орындаушыға шынайы байланыс ақпаратын:
толық аты-жөнін, байланыс телефоны, электрондық поштаны қамтитын ақпаратты беріп, осылайша Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» заңнамасына сәйкес деректерді жинау және өңдеуге рұқсат беру.
3.4.3. пайдаланушы Қызметтерді үшінші тұлғаларға бермеуге міндеттенеді. Курс материалдарын рұқсатсыз таратқан жағдайда тәртіп бұзушы 10 000 000 мөлшерінде айыппұл төлеуге міндетті.
3.4.4. Жария шарттың негізінде Орындаушы ұсынған құпия ақпаратты және басқа да информацияны жария етуге тиым салынады. Орындаушыдан алған ақпаратты кез-келген жолмен таратуға: интернет желісіне жүктеу, копипаст, үшінші тұлғалармен бөлісу, және алынған ақпараттың негізінде инфопродукт жасауға, өз қолданысыңыздан тыс салаларда және заңға қайшы келетін әрекеттерде қолдануға болмайды. Тапсырыс беруші Қызметтен кез-келген кезеңде бас тартқан жағдайда да осы тармақтың талаптарынан босатылмайды.
4. Тараптардың жауапкершілігі
4.1. Тараптарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілік жүктеледі.
4.2. Осы Шартқа сәйкес Орындаушыдан алған білімін қолдану нәтижесінде Тапсырыс беруші немесе үшінші тұлғалар қандай да бір шығынға, соның ішінде нақты, жанама, кездейсоқ, қасақана зиян тигізу, пайда жоғалту, абырой, қадір-қасиеті немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіру, деректердің жоғалуы немесе тб мәселелерге тап болған жағдайда Орындаушы жауапты емес.
4.3. Тапсырыс берушіден бұрыс тұжырымдалған сұрақтар және толық емес, қате немесе сенімсіз ақпарат/құжат алған жағдайда, Орындаушы бұл әрекеттің салдарына жауапты болмайды.
4.4. Орындаушы ақпарат арналарының сапасына, Интернет-браузерлердің жұмысына, Орындаушыға тәуелсіз себептерге байланысты пайда болған түрлі ақаулар мен Тапсырыс берушінің бағдарламалық және аппараттық құралдарының жұмысына жауап бермейді.
4.5. Орындаушы Тапсырыс берушінің кесірінен туындаған кешіктірулер мен орындалмай қалған жұмыс көлеміне жауапты емес.
4.6. Тапсырыс берушіге Қызмет көрсету аясында ұсынылған барлық материалдарға Орындаушының авторлық құқығы орнатылған. Орындаушының авторлық құқығын бұзған жағдайда Тапсырыс беруші ҚР заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
4.7. Тапсырыс беруші осы Шарттың 3.4.4 пунктінде көрсетілген талаптарды бұзған жағдайда, Орындаушыға курс құнынан 200% көлемінде тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті. Сонымен қатар, айыппұл төленген жағдайда да Тапсырыс беруші аталмыш пункттің талаптарынан босатылмайды.
4.8. Осы Шарттың мәтінін толықтай оқып шығып, ережелерімен танысу Тапсырыс берушінің жауапкершілігінде болады;
Тапсырыс беруші Шартты уақытылы немесе толық оқымағаны үшін және бейсаналы түрде қол қойғаны үшін Орындаушы жауапты емес.
5. Форс-мажор
5.1. Форс-мажорлық жағдайларға, яғни Тараптардың жауапкершілігіне жатпайтын мәселелердің туындауына байланысты орындалмай қалған немесе уақытылы орындалмаған жұмыс көлеміне Тараптар жауапты емес.
5.2. Форс-мажорлық жағдайларға жататын, бірақ бұлармен шектелмейтін мәселелер: су тасқыны, өрт, жер сілкінісі және тб табиғи апаттар, соғыс немесе кез-келген әскери қозғалыс, блокада, пандемия, эпидемия, елде төтенше жағдайдың немесе карантиннің орнауы, мемлекеттік органдардың тыйымы, телекомуникациялық желілердің жұмысындағы ақаулар.
5.3. Форс-мажорға тап болған Тарап, ең қысқа мерзімдерде екінші тарапқа жағдайды түсіндіріп ескертуі қажет, және қажет болған жағдайда растайтын құжаттарды беруі керек. Тек жалпыға ортақ форс-мажорлық жағдайлар растауды талап етпейді.
5.4. Жоғарыда аталып өткен, Тараптарға тәуелсіз жағдайлар орын алған болса, Қызмет көрсету мерзімдері сол мәселелердің және олардың салдарының шешілгеніне дейін кейінге шегеріледі. Егер аталмыш мәселелер бір айдан аса уақыт алған жағдайда, Тараптар альтернативті шешім іздеу мақсатында қосымша келісімсөз жүргізеді. Жаңа келісім орнамаған жағдайда, Тараптардың міндеттері (қаржылай мәселені алмағанда), форс-мажорлық жағдайға байланысты тоқтатылады.
6. Дауларды шешу
6.1. Келісім-шартты орындау барысында келіспеушіліктер пайда болған жағдайда, Тараптардың арасындағы дау-дамай келіссөздер жүргізу арқылы шешіледі.
6.2. Сотқа жүгінуді талап ететін жағдайда, сотқа дейінгі тәртіпті сақтап, алдымен Орындаушыға жазбаша шағым жолдау міндетті шарт болып табылады.
6.3. Егер Тараптар өзара келісімге жете алмаса, және шағымды алған сәттен 15 жұмыс тәулігі көлемінде оған жауап берілмесе, даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Орындаушының мекенжайына қатысты сот тәртібінде шешіледі.
7. Қорытынды қағидалар
7.1. Осы құжатта қарастырылмаған барлық басқа аспектілер бойынша Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
7.2. Барлық контент (мақалалар, сұрақтарға жауаптар, вебинарлар, ұсыныстар, рәсімдер, құжат шаблондары, Орындаушы ұсынатын мысалдар және т. б.) Қызмет көрсету барысында тапсырыс берушіге тек оқу құралы ретінде ғана ұсынылады және Тапсырыс берушіні ешқандай әрекетке шақырмайды, орындауға міндеттемейді. Орындаушы оқыту барысында мысал ретінде тарихи және/немесе белгілі тұлғалардың цитаталарын және қанатты сөздерін келтірген болса, Орындаушы сол тұлғаның іс-әрекеттерімен немесе мәлімдемелерімен келісетінін, немесе аталған цитаталарын (мазмұнына қарамастан) құптайтынын білдірмейді.
8. Орындаушының реквизиттері.
ЖК “Турсынбайкызы”
Компанияның атауы: жеке кәсіпкер Турсынбайкызы
Шот нөмірі: KZ28722S000001878422
Валюта: KZT
Бенефициар коды: 19
БСН/ЖСН: 891202400962
Банк: АО "Kaspi Bank"
Банк БСК: CASPKZKA